![]()
28.11.2024 «Қазақ терминологиясындағы дәстүр және жаңашылдық сабақтастығы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор, Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының жетекшісі Шерубай Құрманбайұлының 60 жас мерейтойына арналған «Қазақ терминологиясындағы дәстүр және жаңашылдық сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ғылыми жиынға елімізге белгілі көрнекті лингвист ғалымдар, қоғам қайраткерлері, бірнеше университеттердің арнайы өкілдері қатысты. Конференция аясында академик Шерубай Құрманбайұлының «Жаңа атаулар мен қолданыстар сөздігі»; «Alaş ve Terminoloji» және «Абай тілі: көне сөздер мен сирек қолданыстар» (соңғысы М.Әділовпен бірге) атты кітаптары мен «Тілтанушы» жинағының тұсаукесері өткізілді.
|