қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.11.2024

Abai University: Филология факультетінде «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасы ашылды


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультетінде «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасын ашудың мақсаты - тілдік және мәдени құзыреттіліктерді жетілдіру арқылы екі ел арасындағы байланысты нығайту, қосдипломдық білім беру негізінде оқыту, академиялық ұтқырлық мәселесін жолға қою, қытай университеттерімен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнату болып табылады. Сондай-ақ студенттерге тіл, әдебиет, аударма, халықаралық қатынастар, бизнес, білім беру және ғылым салаларында жұмыс істеу үшін қытай тілі мен мәдениеті, тарихы бойынша терең біліммен қамтамасыз етуде аса маңызды қадам.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп кафедраның ашылу салтанатында - "Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Астанада болған кездесуінде Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың деңгейі қашанда жоғары екендігінің серіктестігі БҰҰ мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім кеңесі аясында табысты дамып келе жатыр деп атап көрсеткен болатын. Міне соның негізінде еліміздің Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырза еліміздегі ұлттық жоғары оқу орындарында қытай тілі кафедрасы ашылады. Қытай тілі екінші шет тілі ретінде оқытылады деп мәлімдеген болатын. Осы мақсатта екі елдің тиісті министрліктері осы жылдың мамыр айында Мәскеу қаласында бірқатар келісім шарттарға қол қойған болатын. Міне бүгін ашылып отырған «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасы екі ел басшыларының уағдаласқан келісім негізінде ашылып отырған маңызды шара" - деді.

 

Жиында ҚХР-ның Алматы қаласындағы Бас консулдың академиялық мәселелер жөніндегі директоры Хуан Сяоминь ханым сөз алып, екі елдің бірлігі мен тарихи мәдени салада өз ара ынтымақтастығының бірегей екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ ҚХР-ның Цзянси ғылым-технология педагогикалық университеттерінің басшылары мен ғалымдары, Гуандун өндірістік-техникалық университетінің ғалымдары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың ғалымдары «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасының өскелең ұрпаққа берері мол екендігін жеткізді.

 

«Қытай тілі және қытайтану» кафедрасының ашылуы аясында «Калиграфияны оқытуда цифрлық технологияны қолдану ерекшелігі» атты ғылыми семинар өткізілді. Дөңгелек үстел басына жиналғандарға ҚХР Цзянси ғылым-технология педагогикалық университетінің профессорлары Чен Сюпин және Ю Чао ғылыми баяндамасын ұсынды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=