Негізгі бет
Жаңалықтар
27.11.2024 «Қазіргі биологиялық білім беру мәселелерін зерттеудің перспективалық бағыттары» халықаралық конференциясы 2024 жылдың 25-27 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі биологиялық білім беру мәселелерін зерттеудің перспективалық бағыттары» тақырыбында халықаралық конференция өткізілді. Конференцияның бірінші күні факультетпен, кафедрамен ынтамақтастықта оқу-зерттеу жұмыстарын атқаратын Германия, Италия, Польша, Турция, Ресей, Өзбекстан ғалымдары және Қазақстанның «Ботаника және фитоинтродукция институты», Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты, Зоология институты, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, АСБК қолданбалы биология орталығы, Алматы хайуанаттар бағы басшылары, Қазақстанның жоғары оқу орнының ғалымдары, Алматы қалалық мектеп мұғалімдерінің баяндамаларымен басталды.
Екінші-үшінші күндері конференцияға келіп түскен мақалалар негізінде екі жүзден астам ғалымдар, жас ғалымдар, PhD докторанттар, студенттер мен мектеп мұғалімдері, әдіскерлердің баяндама жасауымен секциялық отырыс жалғасын тауып, көптеген тың тәжірибелер ортаға салынып, құнды пікір алмасулар болды.
Конференция барысында биология ғылымындағы жаңа зерттеу нәтижелерін білім беру үдерісіне кіріктіру мәселелерін зерттеудің перспективалық бағыттарының негізгі қадамдары анықталып, Халықаралық ортақ жоспарлар құрылып, іске асыру жолдары қарастырылды.
|