«Жас Сәтбаевшылар» Қазақстан жас ғалымдарының I Конгресі
2024 жылдың 22 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында «Жас Сәтбаевшылар» Қазақстан жас ғалымдары I конгресінің «Қоғамдық-гуманитарлық және өнер» ғылым саласындағы «Елдің зияткерлік әлеуеті» басым бағыты бойынша секциялық конференциясы өтті. ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстина мен Қазақстанның әр аймағынан елуге жуық жас ғалымдар қатысты.
Конференция барысында жас ғалымдар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасты. Сондай-ақ гуманитарлық бағыттағы ғылымдардың өзекті мәселелерін талқылады.
Конференцияға қатысушылар ғылым мен білім кеңістігін кеңейтуге, соңғы ғылыми жетістіктері жөнінде пікір алмасуға, сонымен қатар жас зерттеушілердің ғылыми мансап жасаудағы тиімді нетворкинг (networking) орнатуда ұтымды мүмкіндіктерге ие болды.
Шара соңында барлық қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының алғыс хаттарымен марапатталды.
Конференция қорытындысы бойынша талқыланған мәселелер негізінде ортақ резолюция қабылданды.