«Кітап талқылайық» кітап оқу жобасының кезекті талдауы өтті
2024 жылдың 22 қарашасында «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы мен Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар мектебінің ұйымдастыруымен «Кітап талқылайық» кітап оқу жобасының кезекті талдауы өтті.
Бұл жолы драматург, қоғам қайраткері, белгілі қаламгер Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасы талқыланды.
Жобаның негізгі мақсаты - студент жастар арасындағы қазақ әдебиетіне, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.
Аталған жоба жоспарға сәйкес, айына екі рет жүзеге асады. Іс-шара барысында ортақ шешіммен таңдалған шығарманы талдау, оған қатысты пікір білдіру, кейіпкерлерге сипаттама бере отырып, өмірмен байланыстыру мазмұнындағы пікірлер ортаға салынады.
Құрметті оқырман! Сіздерді де сүйіспеншілікке, ізгілікке, мейірімділікке, достыққа, адалдыққа шақыратын шығармаларды көп оқып, «Кітап талқылайық» кітап оқу жобасына келіп қатысуға шақырамыз!
«Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы