қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.11.2024

Студенттерге арналған квест-тренинг


2024 жылдың 22 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Гүлназ Сәрсенбаева «Бастауыш білім ағылшын тілінде» мамандығының 2-курс студенттерімен «Ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың тұлғаішілік және тұлғааралық дағдыларын дамыту» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. «Бастауыш оқытудың негізгі теориялары» пәні бойынша жүргізілген практикалық сабақ квест-тренинг форматында ұйымдастырылды. Бұл пән - университеттегі финдік білім беру жүйесі аясында енгізілген жаңа пән. Мұнда әлемдік және отандық деңгейдегі бастауыш оқытудың негізгі теориялары: бихевиоризм, когнитивизм, конструктивизм, гуманизм, коннективизм т.с.с. қамтылды.


Сабақ басында білім алушылар өткен тақырыптар бойынша білімдерін өзектендіру мақсатында quizizz.com платформасында ағылшын тілінде әзірленген тест сұрақтарына жауап берді.


Сабақта пәнішілік, пәнаралық байланыстарды сақтау арқылы білім алушылардың академиялық кәсіби дағдыларын қалыптастырумен қатар, метапәндік, трансверсальді білік, дағдыларын дамыту көзделді. Сол себепті, квест-тренинг форматын таңдау арқылы оқытушы оқу-әдістемелік кешендегі «Тұлғаішілік, тұлғааралық дағдылар» тақырыбын «Ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың тұлғаішілік, тұлғааралық дағдыларын дамыту» тақырыбы ретінде болашақ педагогтерді даярлаудың өзекті мәселелерімен байланысты жоспарлап, мамандықтың басқа пәндерімен және осы пәннің ішіндегі өткен тақырыптармен сабақтастықта жүргізді.


Практикалық сабақта тапсырмаларды әзірлеу үшін жасанды интеллект құралдары тиімді пайдаланылды. Мысалы, тренинг әдеттегі тренингтердей емес, жасанды интеллект арқылы сюжеттік квест-тренинг ретінде дайындалған: Абайдың қара сөздері мен «Менің атым Қожа» фильмінен үзіндіні ағылшын тілінде әзірлеп құрастырған. Сабақтың эмоциялық, когнитивтік, әлеуметтік аспектілерін қамтып өтуі үшін қазақтың сабырлылық, ынтымақтастық, кикілжіңді, дауды шешудегі төрелік ету секілді ұлттық құндылықтарының тұлғаішілік, тұлғааралық дағдыларды дамытудағы рольдері ескерілген.


Студенттер практикалық сабаққа белсенді, саналы, жоғары қызығушылықпен қатысты және voicegenerator.io платформасында практикалық тапсырмалар орындады. Білім алушылардың креативті әрекеттері көрініс тауып, командада жұмыс жасау біліктерін дамытуға мүмкіндік алды. Бағалау критерийлері арқылы өзіндік бағалау, оқытушының бағалауы жүргізіліп, барынша объективті, валидті бағалау көзделгені байқалды. «3i» кері байланысы цифрлық платформа көмегімен жүргізіліп, білім алушылар өздерінің сабақ мақсатына жету деңгейлерін көрсете алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=