Негізгі бет
Жаңалықтар
22.11.2024 Мәтін арқылы оқу сауаттылығын жетілдіру – өзекті мәселе 2024 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы филиалының кезекті семинары болды. Семинарға кафедра меңгерушісі Нағима Ильясова, ф.ғ.к, аға оқытушы Гүлдариға Кенжебаева, аға оқытушы Қарлығаш Сейталиева қатысты.
Семинарда кафедра профессоры Жаңалық Балтабаева «Мәтін арқылы оқу сауаттылығын жетілдіру (5 сынып)» тақырыбында баяндама жасап, оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдірудегі мәтіннің рөлі және оны оқытудың әдіс-тәсілдеріне кеңінен тоқталды. Семинарға қатысушы мұғалімдер талқыланған тақырыптың пайдалы болғандығын, айтылған әдістерді сабақ үдерісінде пайдаланатындықтарын атап өтті.
Сондай-ақ семинарда 5-ші сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнін IB бағдарламасы бойынша оқытып жүрген педагог-сарапшы Кәмшат Мейірбек өз тәжірибесімен бөлісті. Ол өз сөзінде білім алушылардың халықаралық стандарттарға сай тілдік дағдыларын тиімді дамытуға бағытталған практикалық әдістерді ұсынды.
|