қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.11.2024

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу»


2024 жылғы 28 қазан мен 7 қараша аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу» тақырыбында білім алушылармен кезекті кездесулер өтті.

 

Іс-шара Сорбонна-Қазақстан институты мен университеттің жеті факультетіндегі барлық студенттерінің қатысуымен өткізілді.

 

Мақсаты - студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын насихаттау және қалыптастыру; оң және теріс әрекеттерді дұрыс бағалау, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу қабілетін қалыптастыру.

 

Іс-шараларда университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев комплаенс-қызметтің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, жоғары оқу орындарының қызметіне тікелей әсер ететін елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар туралы толық ақпарат берді.


Баяндамашы сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялар, білім алушылар арасындағы академиялық адалдық туралы, сондай-ақ сабақ барысында және емтихан тапсыру кезеңінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік туралы айтты.

 

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді, семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=