Негізгі бет
Жаңалықтар
07.11.2024 Ректор Жаратылыстану және география факультетінің студенттерімен кездесті
2024 жылдың 6 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп Жаратылыстану және география факультетінің білім алушыларымен кездесті. Кездесуге факультеттің 1-4 курс студенттері қатысты.
Болат Тілеп оқу орнының академиялық, ғылыми және тәрбие салаларының табысты дамуы үшін университет басшылығы студенттермен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұру қажет екенін атап өтті. Ректор университеттің білім беру саясатының тиімділігін студенттер бағалайтынын және басшылық барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдауға дайын екенін жеткізді. «Оқу орнының табысты болуы көп жағдайда сіздерге, студенттерге байланысты, сондықтан спортта, өнерде, ғылымда бастамаларыңыз болса, біз әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді ректор.
Жиын барысында студенттер өздерін толғандырған барлық сұрақтарға нақты жауап алды. Олар ұтымды ой-пікірлер айтып, студенттік ұйымдардың жұмысын жетілдіру, ғылымға бет бұрып, жобамен айналысуы, қайырымдылық шаралар мәселесі, оқу кестесін қайта қарастыру, іс-шаралар ұйымдастыру сынды көптеген ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу соңында ректор Болат Тілеп білім алушылардың сұрақтары мен ұсыныстары бақылауда болатынын айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
|