қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.01.2018

 

Президенттің Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау


2018 жылдың 12 қаңтары күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау бойынша жиналыс өтті.


Оған Университеттің проректорлары, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылары қатысты.

 

Университет ректоры Такир Балықбаев алғы сөзінде Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі қағидаларына тоқталды. Сөз барысында Жолдаудағы «Адами капитал - жаңғыру негізі» жетінші міндетке байланысты білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету, орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу, жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар даярлау,  педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындау, қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру, жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту  мәселелерінің өзектілігіне тоқталды.

 

Жиын барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор  Ақтолқын Құлсариева «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы Қазақстан» және Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы «Елбасы Жолдау - еліміздің тұғырлы болашағы» тақырыптарында баяндама жасап, кафедра меңгерушілеріне сөз берілді.

 

Сондай-ақ, жиналыста Қазақстан-2050 Стратегиясынан туындайтын еліміздің әлемдегі 30 дамыған елдердің қатарына кіру туралы мақсаты, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауымен, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері сөз болды.

 

Жиналысқа қатысушылар Елбасы Жолдауындағы міндеттерді сапалы жүзеге асыру мәселелері бойынша белсенді түрде пікір алмасты.

 

       

 

       

 

       

 

    

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім