Негізгі бет
Жаңалықтар
04.11.2024 «Өсу нүктесі, трансформациялау кезеңі» халықаралық конференциясы 2024 жылдың 30 қазанында Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаеваның басшылығымен қауымдастырылған профессор Гүлбану Абитова және докторанттар Динара Ердембекова, Гульмира Капсанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының РМК Қарлығаш балабақшасында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Баланы ерте дамыту институтының қолдауымен өткен «Өсу нүктесі, трансформациялау кезеңі» атты халықаралық конференция жұмысына қатысып қайтты.
Конференция барысында Норвегия, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы және Қырғызстаннан келген шетелдік спикерлер мен отандық ғалымдар мектепке дейінгі білім беруді дамытудағы үздік тәжірибелерімен бөлісті. «Балалық шақ әлеміне ену: жобалардағы, ойындардағы, шығармашылықтағы балалардың белсенділігі» халықаралық конференциясының негізгі идеясы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды: балабақшадағы медиашығармашылық; ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру; Ecoteam - экологиялық қатынастардан экологиялық ортаға.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының РМК Қарлығаш» балабақшасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің арасында жасалған меморандум негізінде мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының докторанттары мен магистранттарының ғылыми зерттеу базасы болып табылады.
|