қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.10.2024

Сингапур еліне сапар және ынтымақтастықтың жаңа стратегиялары

 

2024 жылдың 6-17 қазаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеу тобы «Action Research ретінде бейформалды зерттеулерді ЖОО практикасына интеграциялау негізінде оқытушылардың зерттеу белсенділігін дамыту теориясы мен технологиясы» атты гранттық жобасы шеңберінде зерттелетін тақырып бойынша ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және тәжірибе алмасу мақсатында Сингапурда іссапарда болды. Команда QS World University Rankings-те 15-ші орында тұрған Наньян технологиялық университетіне және QS World University Rankings рейтингінде оқыту сапасы бойынша әлемде 12-ші, Педагогиканы оқыту сапасы бойынша 2-ші орында тұрған ұлттық білім институтына барды. Үйлестірушілер тарапынан зерттеу үдерісін білім беру үдерісіне интеграциялау бойынша курстар ұйымдастырылып, Сингапурда мұғалімдерді даярлау ерекшеліктері талқыланды. Әлеуметтік ғылымдар факультетінің докторы Chung-An ғылыми мақалаларды дайындау және жазу, зерттеу әдістемелері, университет оқытушысының мансаптық өсу жүйесі туралы тәжірибесімен бөлісті, Ang Chee Seng педагогтер мен білім алушыларға қолдау көрсету және дамыту ортасын құруға бағытталған Сингапурлық білім беру философиясы туралы айтты. Команда сонымен қатар, «Knightsbridge House International School» Халықаралық мектебіне барды. Онда Gan Chin Huat-пен кездесіп, өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға толық жауап алды. Курстарды аяқтағаннан кейін команда сертификаттар мен одан әрі ынтымақтастықтың болашағы туралы құнды идеялар алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=