Негізгі бет
Жаңалықтар
15.10.2024 Коллаборациялық жаңа форматтағы көрме 2024 жылдың 10 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультетінің «Жасампаз» галереясында «Психология» білім беру бағдарламасы студенттерінің «Шам шырақ» шығармашылық зерттеу жұмыстарының көрмесі ашылды. Бұл жаңа форматтағы коллаборациялық алғашқы көрме болып табылады. Мақсаты - 2024 жылғы көктемгі академиялық семастрдегі 3 курс студенттерінің MINOR таңдауындағы «Үй мәдениеті» және «Тамақтану мәдениеті» пәндерінен алған білімдерінің нәтижесін көрерменмен бөлісу.
Көрме ашылуында Өнер факультетінің деканы Кәрім Байгутов, жоба жетекшісі, PhD Майра Нұрке, профессор Құрман Мұратаев, профессор Серғазы Жаманкараев және көрме авторларының бірі 4-ші курс «Психология» білім бағдарламасының студенті Аминат Бақытжан сөз сөйледі.
Шығармашылық сүйер қауым үшін көрме өз жұмысын жалғастыруда.
|