Негізгі бет
Жаңалықтар
11.10.2024 «Өмір - өмір сүру үшін» профилактикалық дәрісі 2024 жылдың 11 қазанында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Өмір - өмір сүру үшін» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті. Профилактикалық дәріске университетіміздің 7 факультетінен және 1 институтынан 200-ге жуық студент қатысты.
Дәрістің мақсаты - студенттер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу және оның ықтимал қауіпті белгілерін анықтау, қиын жағдайларда үміт, қолдау және көмек көздерін табуға көмектесу.
Аталмыш іс-шараны С. Скляр психотерапиялық орталығының клиникалық психологы Мухаббат Низамудин және Психологиялық қолдау қызметінің психологы Саида Қосбай жүргізді.
Дәріс барысында спикерлер жеке тәжірибелерімен бөлісіп, өмірге деген үмітті сақтау және оны қайтадан жандандыру жолдарын, суицидтік ойлармен күресу стратегиялары мен әдістерін, алдын-алу бағытында өзіңе және жақындарыңа қалай көмек көрсету керектігі туралы практикалық кеңестерін ұсынды. Іс-шараға студенттер белсенді қатысып, көкейінде жүрген өзекті сұрақтарына жауап ала алды.
Ұсынылған ақпарат қатысушыларға суицид туралы түсінігін тереңдетуге және олардың өз өмірін бағалау, құрметтеу сезімдерін дамытуға көмектесті.
Психологиялық қолдау қызметі |