Негізгі бет
Жаңалықтар
11.10.2024 Факультет декандары, кафедра меңгерушілері және докторанттармен кездесу 2024 жылдың 7-10 қазан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан және Ғылым департаментінің қызметкерлері университеттің факультет декандары мен кафедра меңгерушілері және білім алушы PhD докторанттарымен кездесті.
Кездесу барысында ҚР ҒЖБМ 2024 жылғы 18 шілдедегі №352 философия докторы (PhD) дәрежесін беруге қатысты бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы, ғылыми басылымдар тізбесіндегі 1, 2 және 3 тізімдер бойынша мәліметтер айтып, докторанттардың уақытылы қорғауына қатысты дайындалған жол картасымен таныстырды.
Сонымен қатар ҚР ҒЖБМ 2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым», сондай-ақ ғылыми және ғылыми техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру жобаларына енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, осы жобаларға қатысуға кеңестер берілді. Сөз соңында кафедра меңгерушілері мен докторанттар тарапынан қойылған сұрақтарға Ғылым департаментінің өкілдері толыққанды жауап берді.
|