қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.10.2024

Профессор Салих Чепнидің химиялық білім беру саласындағы сапалық зерттеулер туралы ашық дәрісі


2024 жылдың 9 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің химия кафедрасында Бурса Улудаг университетінің (Түркия) профессоры Салих Чепнидің «Химиялық білім беру саласындағы сапалық зерттеулер» тақырыбында ашық дәрісі өтті.

 

Ашық дәріс химия саласындағы білім беру тәжірибесінде қолданылатын сапалық зерттеу әдістерін, тәсілдерін және нәтижелерін талқылауға арналды. Ашық дәрістің мақсаты студенттер мен оқытушыларды химиядағы білім беру үдерістерін зерттеу және жақсартуға пайдалануға болатын сапалық зерттеу әдістерімен таныстыру болды.

 

Ашық дәріске қатысушылар химияны оқыту мен білім беруді жақсарту үшін сапалық зерттеу әдістерін өз жұмыстарында қалай қолдануға болатынын талқылады. Ашық дәріс студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылардың химиялық білім беру контекстіндегі білім беру тәжірибелерін жақсарту үшін сапалық зерттеулердің қалай пайдалы болатыны туралы білімдерін кеңейтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=