Негізгі бет
Жаңалықтар
03.10.2024 «Empowering Scientific Habits of Mind via the News and Research Papers on the COVID-19 Pandemic» ғылыми семинары 2024 жылдың 1 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасында Трабзон университетінің профессоры Муаммер Чалихтың «Empowering Scientific Habits of Mind via the News and Research Papers on the COVID-19 Pandemic» тақырыбында дәрісі өтті.
Дәріс барысында профессор Чалих пандемия кезеңінде ғылымның рөлі, зерттеулер мен жаңалықтардың ғылыми көзқарастарды қалыптастырудағы маңыздылығы туралы айтып өтті. Ол студенттерге COVID-19-ға қатысты жарияланған ғылыми мақалалар мен жаңалықтарды талдаудың әдістерін көрсетіп, критикалық ойлаудың қажеттілігін атап өтті.
Студенттер дәріс барысында COVID-19 пандемиясының ғылым мен білімге қалай әсер еткенін, сондай-ақ ғылыми ойлау дағдыларын дамыту жолдарын талқылады. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
|