қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.09.2024

Коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру


2024 жылдың 23 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне Түрік мемлекеті, Трабзон университетінен келген dr.Muammer Çalik «Химияны оқытудағы инновация» және 24 қыркүйекте Бурса-Улудаг университетінің профессоры Salih Çepni «Химияны оқытудағы цифрлық платформалар: оқытушылар мен студенттерге арналған жаңа құралдар» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Ашық дәріс химияны оқытуды интерактивті әрі тиімді ету жолдары арқылы студенттерге білім беру процесіне арналған жаңа цифрлық құралдар мен платформаларды таныстыру мақсатында өткізілді.

 

Дәрісте цифрлық платформалардың химияны оқытудағы артықшылықтары, онлайн модельдеу және виртуалды зертханалар сияқты тиімді құралдардың мысалдары, сондай-ақ оларды білім беру бағдарламаларына біріктіру әдістері талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=