қазақша · русский · english
   
Ұлттық бірыңғай тестілеу

Филиалдың мекен жайы

Алматы қ. Достық даңғылы, 13, ин. 050010

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Ұлттық тестілеу орталығы №1 филиалының жетекшісі

Жантлеуов Кенжебек Қожанұлы

Телефондары:

ж.-8-(727)-2-91-67-13

ұ.т.-8-707-344-21-07

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерін қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орнына түсу емтихандарын біріктіреді.

ҰБТ-ға міндетті түрде қатысушылар:

- жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген мектеп бітірушілер;

- жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер;

- үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері.

ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығында ҰБТ-ны өткізу технологиясы, нұсқамалықтар және бағдарламалар өңделеді. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір ҰБТ өткізу пункттерінде мемлекеттік комиссия құрылады. ҰБТ өткізу технологиясының сақталуын Министрлік өкілдері бақылайды.

ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өткізіледі. ҰБТ-ға 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Тестілеу 1-15 маусым аралығында 154 ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі: оның ішінде 49 - ЖОО базасында, 105 - мектептер базасында орналасқан.

ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.

ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны - 25. Әр тест тапсырмасына берген дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.

ҰБТ ойдағыдай өткізу үшін ҰТО Қазақстан аймақтарында тестілеуді өткізетін пункттер ашты. ҰБТӨП қызметінің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім сапасын техникалық-ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа үлгісін енгізу.

Бітірушілердің ҰБТ-ға, ТКТ-ға дайындық деңгейлерін көтерудің және оларды тестілеу технологиясымен хабардар етудің негізгі тәсілі - ҰБТӨП базасында (Ұлттық тестілеу орталығының филиалдары) өткізілетін байқау сынақтары. Көптеген ҰБТӨП-терде байқау сынағы ҰБТ, ТКТ кезінде пайдаланылатын аудиториялық қорды қолдану арқылы ҰБТ, ТКТ кезіндегідей жағдайларға барынша жақын өткізіледі.

Байқау сынағы бітірушінің ерікті түрде қатысуымен өткізіледі. Сынақ барлық қатысушыларға өз білім деңгейлері мен алдағы тестіленуге дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тестілеуге тестілеудің барлық пәндері бойынша қазақ және орыс тілдерінде әзірленетін оқу-әдістемелік құралдарының көмегі арқылы дайындалуға болады.

ҰТО-ның барлық филиалдары тестілеудің барлық пәндері бойынша байқау сынағының сұрақ-кітапшалары мен оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілді.

Білім беру ұйымындағы білім деңгейіне тестік бақылау өткізу кезіндегі қосымша қызметтер бағасының Прейскурантына сәйкес, мектеп бітірушілер мен талапкерлер үшін байқау сынағынан өту бағасы - 255 теңге.