«Франция-Қазақстан мансап салоны» атты 5-ші халықаралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
2017 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласындағы «Rahat Palace» қонақүйінде «Франция-Қазақстан мансап салоны» атты 5-ші халықаралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Сорбонна-Қазақстан Институты» білім беру жобасы аясында Қазақстандағы Франция Елшілігінің тығыз ынтымақтастығы арқасында осы іс-шараға төртінші рет қатысуда.
Бұл іс-шараға француз ЖОО-ның мен Сорбонна-Қазақстан институтының түлектері және әлеуетті жұмыс берушілер-компаниялар қатысты. Жәрмеңке жас мамандарға болашағы зор жұмысқа орналасуға және француз жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктер ұсынады.


Сорбонна-Қазақстан Институты