қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Махаева Айткүл Шайымқұлқызы

Махаева Айткүл Шайымқұлқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Айткүл Шайымқұлқызы Махаева 11 сәуірде 1965 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Алға ауылында туылған. 1989 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Тарих факультетін «Тарихшы» мамандығы бойынша «үздік» белгімен аяқтап, «Тарихшы. Тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы» квалификациясын алды. 1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аспирантурасын аяқтап, тарих бойынша кандидаттық диссертация қорғап шықты.   2009 жылы докторлық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының докторы  ғылыми атағына ие болды.  1989 жылдан бастап оқытушылық қызмет атқаруда. Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2012 жылдан 2016 жылға дейін Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының (2012-2015) және Әлем тарихы (2015-2016) кафедрасының меңгерушісі болды. Қазіргі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ-дің  Әлем тарихы кафедрасының профессоры. 30 жылдан аса магистранттар мен  докторанттарға ғылыми жетекші, кеңесші және тәлімгер болды. Ғылыми қызығушылық саласы  - түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, Орталық Азия халықтарының тарихы. 200-ден аса жарияланымның авторы. Оның ішінде  3 ғылыми мақаласы  Scopus индексі журналында (Хиршасы бар), 20-дан аса мақаласы таяу шетелде жарияланды. Ғылыми-зерттеу жобаларына да белсене қатысады. Зерттеу обьектісі: Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары мен ықпалдастығы (XVIІІ ғасырдың соңы - XX ғасырдың бас кезі). 

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

Тарихшы. Тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы

1989 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Тарих ғылымдарының кандидаты

Тарих

1995  ж.

Тарих ғылымдарының докторы

Тарих

2009 ж.

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Атауы

Берілген уақыты

доцент

2002

Университет профессоры

2012

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

- Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті

- Түркі халықтарының тарихы, діні мен мәдениеті

- Тарихтағы қазіргі теориялар мен методологиялар

- Шетел тарихнамасындағы жаңа бағыттар

- Тарихи процестің негізгі тұжырымдамалық модельдері

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Монографиялары:

1. Тойшыбек би және оның заманы. - Алматы: Баянжүрек, 2006. - 202 б.

2. Қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың бас кезі). - Алматы: Ценные бумаги, 2007. - 357 б.

3. Казак-кыргыз тарыхынан (ХVІІІ кылымдын экинчи жарымы - ХХ кылымдын башы). - Бишкек: Кыргыз Республикасынын Улуттук Илимдер академиясы, 2011. - 256 б. (қырғыз тілінде). Екінші басылымы: - Бишкек:Принт-экспресс, 2022. - 400 б.

4. Жетісу: XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси үдерістер тарихынан. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2022. 2-басылым, өңделіп, толықтырылған. - 234 б.

5. Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда. Ұжымдық монография. - Алматы: «Литера-М» ЖШС, 2018. - 720 б.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

Оқу құралдары:

1. Қазақ комитеттері (құрылу тарихы және қызметі). - Алматы: Санат, 1995. - 39 б.

2. Көне түріктердің рухани мәдениеті. Көмекші оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 80 б.

3. Жетісудағы азаттық қозғалыс. Көмекші оқу құралы. - Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2011. - 167 б. (авторлық бірлікте).

4. Жетісу: елеусіз қалған есімдер. Құжаттар мен материалдар жинағы. - Алматы, 2015. - 273 б.

5. Көне түріктер: әлеуметтік-мәдени өмірі мен тарихи танымы мәселелері. Дәрістер курсы // bilimland.kz›kk/plans/6242 /BilimLand - көптілді білім беру онлайн-платформасы. 2022

жыл.

6. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы. Дәрістер курсы // Абай атындағы ҚазҰПУ. Дистанциялық оқыту // https://dis.kaznpu.kz/els/


Ғылыми мақалалары:

- 19. Yüzyılın Son Çeyreğinde Doğu Türkistan`daki Milli Mücadelede Kazak ve Kırgızların Rolü. Belleten, Cilt:LXXXIII-Sayı:296-Yıl:2019 Nisan. Sayfa 229-261. - Ankara, 2019. ISSN 0041-4255 dergipark.org.tr›tr/pub/ttkbelleten/issue/52436/687675 (авторлық бірлікте).

- The Influence of Yettishar on Kazakh and Kyrgyzs of the Turkestan Governor-General of the Russian Empire // E-ISSN: 2310-0028 Vol. 55. Is. 1. pp. 142-151. 2020 DOI: 10.13187/bg.2020.1.142 Journal homepage: http://ejournal52.com bg.cherkasgu.press›journals_n/1584466483.pdf (авторлық бірлікте).

- Role of the Tatars in the Socio-Political Life of Semirechye at the beginning of the ХХ century // Published in the USA Bylye Gody Has been issued since 2006. E-ISSN: 2310-0028 2022. 17(2): 922-933 DOI: 10.13187/bg.2022.2.922 Journal homepage: https://bg.cherkasgu.press https://bg.cherkasgu.press/journals_n/1654182128.pdf. (авторлық бірлікте).

- Түркі халықтарының өзара байланыстарын зерттеудің кейбір мәселелері (XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басы) // «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы. 2022. - №1 (29) қаңтар-наурыз. -151-162-бб. (244 б.). (авторлық бірлікте).

- Құтлығмұхаммед Тевкелевтің шыққан тегі мен ұрпақтары хақында // Отан тарихы. - 2010. - №2 (50). - 34-42 бб.

- Казак хандыгы жана кыргыздар: өз ара байланыштар тарыхынан // https://elibrary.ru/item.asp?id=29769770 (қырғыз тілінде). 2013ж.

 

МАРАПАТТАРЫ

- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Құрметті қызметкер» медалі (куәлік № 376, 28.12.2015ж.);

- «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік меделі (куәлік №9604, 13.12.2018ж.);

- Абай атындағы ҚазҰПУнің «Үздік ұстаз» төсбелгісі (куәлік №784, 30.09.2021ж.).

 

 

 


← Кері оралу