Негізгі бет /
Хабарландыру
06.10.2014
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Алматы қаласында 2014 жылдың 24-25 қазан аралығында «МЕКТЕПТЕ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ, ФИЗИКАНЫ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің іс-шаралары бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Математика, физика және информатика) өткізеді.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы:
Пралиев С.Ж.- академик, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры
Төрағаның орынбасарлары:
Косов В.Н. - Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры, профессор
Бекпатшаев М.Ж. – математика, физика және информатика институтының директоры, доцент
Абылкасымова А.Е. – математика, физика және информатика кафедрасының меңгерушісі, профессор
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I. Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
· саралап оқыту жағдайында мектепте математика, физика және информатиканы оқытудың қазіргі әдістемелік мәселелері;
· жоғары оқу орындарында физика-математикалық пәндерді және информатиканы оқытудың әдістемелік негіздері;
· жоғары оқу орындарының және мектептің білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
· инновация жағдайында педагогикалық кадрларды дайындау мәселелері;
· білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
II. Конференцияға баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде қабылданады.
III. Конференция басталар алдында конференция материалдары шығарылады. Конференция жайлы қосымша ақпаратты www.kaznpu.kz сайтынан алуға болады.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ БЕРУ
Конференцияға 1 және 2 Қосымшалардың талаптарына сәйкес безендірілген материалдар электрондық түрде беріледі. Көлемі 3 беттен бастап 5 бетке дейінгі баяндама мәтіні ұйымдастыру комитетіне 2014 жылдың 6 қазанына дейін vestnik_KazNPU@mail электрондық адреске жіберіледі.
Конференция жинағына баяндаманы енгізу ұйымдастыру комитетінің шешімі негізінде қабылданады.
КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛЕТІН ОРЫН
Конференция мәжілісі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтының ғимаратында Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86 адресінде жүргізіледі.
КОНФЕРЕНЦИЯ КҮНТІЗБЕСІ
16.10.2014 ж.дейін ¾ баяндама және өтінім қабылдау
23 қазан 2014 г. ¾ конференцияға қатысушылардың келуі
24 қазан 2014 г. ¾ конференцияға тіркеу және ашылуы
24-25 қазан 2014 г. ¾ конференция жұмысы
25 қазан 2014 г. ¾ конференцияның жабылуы
КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86 үй, Математика, физика және информатика институты, Абай атындағы ҚазҰПУ,
Тел: 8(727)- 272-82-72, 272-75-87.
Конференцияға өтінім және баяндама қабылдау бойынша сұрақтар бойынша конференцияның ғылыми хатшысы доцент Абдулкаримова Глюся Алимовнаға хабарласуға болады.
Тел.: 8(727) - 261-15-76, 8(727) - 272- 69-09.
1 Қосымша.
Материалдарды жариялау үшін безендіруге қойылатын талаптар
1. Мәтін, сурет, кестелерді қоса алғанда материалдардың көлемі 5 беттен көп емес (Word редакторы, формат А4, шрифт Times New Roman, интервал – 1, шегініс – 1,0 см).
2. Беттердің параметрі: барлық жағы – 2,5 см.
3. Формуладағы символдар өлшемі (Еquation): кәдімгі – 11 пт, үлкен индекс – 6 пт, кіші – 5 пт, үлкен символ – 24, кіші – 4 пт.
4. Әдебиеттер тізім баяндаманың соңында сілтеме реті [1], [2,3], [4-7] бойынша жазылады.
5. Баяндама түрі
Жоғарғы сол жағы бұрышында үлкен әріптермен ӘӨК (кегль №13);
Ортаға автордың (авторлардың) аты-жөні жартылай қарайтылған кіші әріптермен (кегль №13);
Бос жол қалдырып жартылай қарайтылған үлкен әріптермен (кегль №13) баяндама аты;
Бос жол қалдырып дөңгелек жақша ішінде автор (авторлардың) жұмыс істейтін ұйымның аты, қаласы (кегль №11);
Бос жол қалдырып үш тілде 3 қысқаша сөйлеммен аннотация (бос орынмен бірге 300 белгіден көп емес) (кегль №11);
Бос жол қалдырып 3 тілде кілттік сөздер (кегль №11);
Бос жол қалдырып бандама мәтіні (кегль №12);
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі екі жолдан кейін кіші әріптермен (кегль №11).
2 Қосымша.
Тіркелу формасы
|