Негізгі бет
Жаңалықтар
21.11.2017
АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ 2017 жылдың 8-17 қараша күндері аралығында өткен "Students week - 2017" атты студенттік апталық аясында жастарды адамгершілікке, отаншылдыққа, патриотизмге, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге, ұлттық сана-сезімін кеңейту мақсатымен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде республика ЖОО студенттері арасында «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» атты жас ақындар мүшайрасы болып өтті.
Алматы қалалық Дін істері басқармасының басшысы Есенбеков Айдар Рахымжанұлы іс-шараның маңызы туралы айта келіп, мүшәйраға қатысушы студенттерге сәттілік тіледі. Республиканың жетекші жоғары оқу орындарының жас ақындары қатысқан бұл байқауда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Лұқпанова Жансая және Әуезхан Баубек қатысып, өз өлеңдерін оқыды.
Мүшайраға жазушы Қанат Тілеухан, ақын, журналист Тоқтарәлі Таңжарық, теолог Қайрат Құрманбай, ақын, «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры, Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан қазылық етті.
Дінімізді сақтай отырып, дәстүрімізден адаспауға шақыратын бұл мүшәйраның қорытындысы бойынша ІІІ орын(100 000 теңге) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Нұрқасым Елнұрға, ІІ орын (200 000 теңге) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Төлеухан Жүзікке бұйырды. Өзгелерден оқ бойы озық шыққан Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенті Нұрбек Кеңесбайұлы І орынды жеңіп алып, 300 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен марапатталды.
Шара соңында қазылар алқасы жас ақындарға шығармашылық табыс тілеп, бүгінде дәстүрімізді дәріптейтін, жастарға патриоттық рух беретін туындылардың саны артқандығын айтты. Жыр мүшәйрасына жиналған көрермендер жас ақындардың талантын тамашалап, ыстық ықыластарын қошеметпен білдірді.
Тәрбие басқармасы
|