Негізгі бет
Жаңалықтар
02.04.2024 Инновацияларды интеграциялау: Aбай университетінің ғалымдары Ресейдегі әріптестерімен тәжірибе бөлісті
Гранттық қаржыландыру жобасы аясында АР 19677510 жетекші, профессор М.А.Абсатова және жоба орындаушысы Ш.Н.Нұрланов 2024 жылдың 20-29 наурызы аралығында Ресей Федерациясының бірқатар жоғары оқу орындарында баяндама жасады.
21 наурызда профессор М.Абсатова М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі педагогикалық білім беру факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамына, студенттерге, магистранттар мен аспиранттарға арналған «Білім берудегі цифрлық ресурстар: іске асыру тәжірибесі» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
22 наурызда М.Абсатова мен Ш.Нұрланов «Білім беру саласындағы кадрларды даярлаудағы Abai honors бағдарламасының мүмкіндіктері» тақырыбында «Түзету педагогикасының, арнайы психологияның және әлеуметтік жұмыстың ғылымы мен практикасының өзекті мәселелері: уақыттың сын-қатерлері» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасады, сондай-ақ М.Абсатова Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінде онлайн форматта өткен конференция аясында «Педагог жұмысындағы цифрлық құралдар мен сервистер» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
22 наурызда жоба орындаушылары «Цифрлық дәуірдегі университеттер: МГППУ және Абай атындағы ҚазҰПУ даму трендтері» атты халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысына қатысып, «Honors College бағдарламасы бойынша білім беру саласында кадрлар даярлауда цифрлық ресурстарды іске асыру тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Дөңгелек үстел Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері үшін арнайы ұйымдастырылды, сондай-ақ ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
27 наурызда ғалымдар А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург) ұйымдастырған «Honors College бағдарламасы бойынша білім беру саласында кадрлар даярлауда цифрлық ресурстарды іске асыру тәжірибесі» атты халықаралық жыл сайынғы «Ашық цифрлық кеңістіктегі жаңа білім беру стратегиялары» ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
|