Негізгі бет
Жаңалықтар
01.04.2024 «Химияны оқытудағы инновациялық технологиялар» тренингі
Жаратылыстану және география институтының оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жоспарына сәйкес «Химия» кафедрасында 2024 жылдың 29 наурызында доцент Зульфия Өнербаеваның "Химияны оқытудағы инновациялық технологиялар" тақырыбында тренингі өтті. Шеберлік сағататта: инновациялық педагогикалық технология: түсінудегі көптүрлілік, педагогикалық технологияның құрылымы, инновациялық технологияның қайнар көздері, инновациялық технологияның ұғымдық аппараты сынды тақырыптар қамтылды.
Баяндамашы химияны оқытуда жаңартпа технологияларды қолданудың кемшіліктері мен артықшылықтары туралы мәселелерге тоқталды. Кафедра оқытушыларының сұрақтарына жауап берді. Тренинг жоғары деңгейде өтті.
|