Негізгі бет
Жаңалықтар
26.03.2024 Бастауыш сынып оқушыларына арналған IV Республикалық өлкетану математикалық есептер байқауының қорытындысы
Абай тындағы ҚазҰПУ Бастауыш білім беру кафедрасы төртінші жыл қатарынан бастауыш сынып оқушыларының байқауын өткізуде. Бұл байқауға бастауыш сынып математикасының мектеп курсы бағдарламасына сәйкес келетін және туған өлке өмірінің әртүрлі аспектілерін қамтитын өлкетану материалдары бар сюжеттік математикалық есептер қабылданады.
Байқау қашықтықтан төрт жас тобында (1-4 сынып оқушылары) орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде өткізілді. Байқауға 48 оқушы қатысты. Оның 40-ы Алматы қаласынан, қалған қатысушылар Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарынан болды. Әр сынып бойынша жұмыстар саны төмендегідей: бірінші сыныптан 9 жұмыс, екіншісінен - 5, үшіншісінен - 18, төртіншісінен - 16 жұмыс келіп түсті.
Қатысушылар жеті номинация бойынша бақ сынасты: «Туған өлкенің сәулет өнері (архитектурасы)», «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) мәдени өмірі», «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) спорттық жетістіктері», «Менің өлкемнің тарихы», «Ұлы Отан соғысы кезіндегі менің халқымның ерлігі», «Менің өлкемнің географиясы», «Менің кіші Отанымның атақты тұлғалары».
Байқаудың қазылар алқасы құрамына бастауыш білім беру саласындағы сарапшылар кірді. Қазылар алқасы құрамында 7 тәжірибелі педагогтар болды. Қазылар алқасы тобында п.ғ.к., ҚазҰПУ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының профессоры - Л.Е.Агеева; PhD докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы - Ж.К.Астамбаева; п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы - Р.Ж.Базарбекова; п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының профессоры- Л.А.Лебедева; Алматы қаласы №46-гимназия КММ бастауыш сынып мұғалімі - Р.М.Кебирова; Алматы облысы Қарасай ауданы Бекболат ауылы 1-мамыр ОМ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы - А.К.Жанкенова; сондай-ақ «М.Мәметова атындағы №28-мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Абай атындағы ҚазҰПУ БОПӘ мамандығы 2-курс магистранты - Естемес Карина Айдаровна бар.
Байқаудың Ұйымдастыру комитет мүшелері: п.ғ.к., Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Асель Бакировна Акпаева, қазіргі таңда «Математика сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту құралы ретінде өлкетану материалын пайдалану» тақырыбында диссертациямен жұмыс істеп жатқан және Алматы қаласы «М.Мәметова атындағы №28-мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Абай атындағы ҚазҰПУ БОПӘ мамандығы 2-курс магистранты - Естемес Карина Айдаровна, сонымен бірге, «Бастауыш білім беру АКТ-мен» мамандығының 2-курс студенттері Булатова Гүлназ Ержановна, Гордеева София Станиславовна, Евсеева Регина Владимировна, Жаныс Әсем Сапарбекқызы, Ибрагимова Алина Дамировна, Майлянова Рамин Хусаиновна, Мамедова Диляра Расимовна, Темиргалиева Айдана Рустемовна, Ткаченко Анастасия Евгеньевна, Ча Анели Александровна.
Қазылар алқасы мен байқаудың Ұйымдастыру комитеті мүшелері бастауыш білім беру саласындағы кәсіби сарапшылар мен мамандар болып табылады, байқау жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілді.
|