қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.03.2024

«Алғыс айту - парызым!» мерекелік кездесу кеші

 

2024 жылдың 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Студенттік «Бірлік» ассамблеясының ұйымдастыруымен мерекелік кездесу кеші өтті. Алғыс айту күніне арналған іс-шараға университеттің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессарлары Ж. Симтиков, Д. Құсайынов қатысты. Кездесу кешін Жомарт Симтиков өзінің құттықтау сөзімен ашты.

 

Мерекелік кездесуде «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің мүшесі Молдабаев Диас, Алматы қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі төрағасының орынбасары, «Ариана» ауған орталығы жастар қанатының төрағасы Омар Мұхаммедсаруар қонақ болып, тағдыр тәлкегіне түскен ортақ өмір тарихынан естеліктерімен бөлісіп, қазақ халқының қонақжайлылығы мен кеңпейілдігі үшін алғыс білдірді.

 

Студенттік «Бірлік» ассамблеясының мүшелері, Филология институтынан Сурина Мария, Михеева Александра, Қуатбек Жадыра, Әбдікерім Елдар, Оразанбаев Еркебұлан, Умарова Шахадат, Педагогика және психология институтынан Марченко Татьяна, Өнер мәдениет және спорт институтынан Имин Дилфуза, Жаратылыстану және география институтынан Рысалды Даниал, Тарих және құқық институтынан Король Михаил ұйғыр, украин, орыс және қазақ ұлттарының өкілі ретінде белсенді түрде қатысып, көпшілікті ана тілдерінде құттықтап, өз ұлттарының өнерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

 

Кештің соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Шаһарман қонақтарға алғыс айтып, мерекемен құттықтап, еңбектеріне мол табыс тіледі. Ассамблея студенттері университет ректорының атынан алғыс хатпен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=