қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.02.2024

Педагогикалық практика: оқыту және тәрбиелеу

 

Алматы қаласы Әуезов ауданы №173 мектеп-лицейінде «6В01801-Әлеуметтік педагогика» мамандығының 3 курс студенттері педагогикалық практикадан өту барысында 8 сынып оқушыларымен «Өмірге құштарлық және салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

Іс-шара студенттерге өмір және оның құндылықтары туралы білім беру, салауатты және белсенді өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру және насихаттау, коммуникативті және көшбасшылық қабілеттерін дамыту, студенттердің әлеуметтік ортаға үйлесімді бейімделуін қамтамасыз етуге арналған.


​Ұйымдастырушылар - №173 мектеп-лицейдің әлеуметтік педагогі - Д.С.Әліпбаева және «6В01801-Әлеуметтік педагогика» мамандығының 3 курс студенттері Т. Керимбай, М.Амангелді, А.Бақберген, А. Дүйсенбай, А. Бақтыбай және педагогикалық практика жетекшісі философия докторы (PhD) қауымдастырылған профессор А.А. Алимбекова.

 

​Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша оқушылардың жағымды көңіл-күйі мен өзіне деген сенімділігінің артуы байқалды. Сұрақ - жауап арқылы көптеген жаңа ақпараттар алды. Тәжірибелі маманның жетекшілігімен осы іс-шараға дайындық студенттердің теориялық білімдерін практикада бекітіп, кәсіби құзыреттіліктің дамуына ықпал етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=