Негізгі бет
Жаңалықтар
22.02.2024 Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және білікті маман даярлау жолдары
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы мен «Қаскелең Гуманитарлы-Техникалық колледж» мекемесінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 20 ақпанында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және білікті маман даярлау жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты - заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде педагогтердің тәжірибелік білімдерін жаңарту, кадрларды сапалы даярлауда оқыту мазмұнындағы ортақ мәселелерді шешу.
Іс-шараға «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұлболсын Қыяқбаева, кафедраның оқытушылары Алмагуль Айтпаева, Алтынай Жакупова және 3 курс докторанты Айжан Ауезова сарапшы ретінде қатысты.
|