Негізгі бет
Жаңалықтар
19.02.2024 «Жануарлар мүшелерінің морфологиялық құрылымына антибиотиктердің әсері» ғылыми семинары
2024 жылдың 16 ақпанында Жаратылыстану және география институтында биология кафедрасының физиология бағыты бойынша профессор-оқытушылар құрамы - профессор Тұңғышбаева З.Б., аға оқытушылар Құлжанова Д.Қ., Нүркенов Т.Т., Ташенова Г.К., Отарова Н.И, магистр, оқытушылар Жарылқасынова Ж.М., Оразбаева Н.Б. ұйымдастыруымен «Жануарлар мүшелерінің морфологиялық құрылымына антибиотиктердің әсері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинарда «7М01513 - Биология», «7М05101 - Биология» мамандығының 2 курс магистранттардың ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері тыңдалды. Аталған семинарда антибиотиктердің жануарлардың әр түрлі мүшелеріне, атап айтсақ, бүйрек, бауыр, аталық безі, жүрек, асқазан ішек жолдарына әсері туралы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалды.
|