Негізгі бет
Жаңалықтар
16.02.2024 «Жүрек тілімен» Абайдың рухани мұраларына арналған ой-толғау сабағы
Іс-шараның негізгі мақсаты - жастарды өзінің үлгісімен шабыттандыратын қоғамға риясыз қызмет ету әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін, Абайдың рухани мұрасының мәнін терең түсіну.
Ой-толғау сабағының басты міндеттері - жастардың санасында Абаймен насихатталатын жоғары адамгершілік құндылықтарды нығайту.
Ой-толғау сабағы аясында студенттер Абайдың жүрек туралы философиялық ой толғап, жазған «Жүректе қайрат болмаса» атты өлеңінен үзінді оқып талдау жасады. Мәтіндегі негізгі ойды түсіну үшін, «сұрақ-жауап-түйінді ой» әдісінде бір-бірімен пікір алмасты.
Сондай ақ, студенттер Абайдың «Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла»» атты дәйексөзін басшылыққа алып, топтық шығармашылық жұмыс жасады. «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы адамгершілік тақырыпта ойын жаттығулар өткізді. Қолданылған ой-толғау әдістері, студенттерге Абаймұрасының рухани терең мәнін ашуға, түйінді ойларын жинақтауға ықпалын тигізді.
Соңында іс-шараға қатысушылар осы ой-толғау сабағы сәтінде сезінген жағымды әсерлерін бір-бірімен бөлісті.
«Мейірім» еріктілер клубы
|