қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.02.2024

Абай университеті мен «Dauletten қайырымдылық қоры» ынтымақтастық орнатуда


2024 жылдың 8 ақпанында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ және «Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.


Меморандумның мақсаты - білім алушы жастарды оқу, білім, ғылым, өнер, мәдениет, ағартушылық, әлеуметтік салаларда өзара қарым-қатынас пен түсінушілік, екі жақты қолдау серіктестік жүйесін тиімді дамытуды қамтамасыз ету. Студенттер мен жас мамандарды білім, ғылым саласында материалдық және қаржылай қолдау бойынша бірлескен жұмысты ынталандыру туралы ынтымақтастық меморандумға «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп пен «Dauletten қайырымдылық қорының» президенті Жасұлан Қуандық қол қойды.

 

Сондай-ақ, «Dauletten қайырымдылық қоры» университетіміздің Өнер, мәдениет және спорт институты «Графикалық дизайн» мамандығының 1 курс студенті Мұхтар Динаға 600 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

 

Әлеуметтік санаттағы мұқтаж жандарға көмек пен білімді жастарға қолдау көрсету - бүгінгі меморандумның ұстанған басты ұстанымы. Шындығында, қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Ең бастысы мейірімді жүрек пен таза ниет болса жеткілікті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті