Негізгі бет
Жаңалықтар
01.02.2024 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің алғашқы ұстаздық тәжірибесі
«Бастауыш білім беру» бағдарламаларының 3-курс және 2-курс (3 жылдық) студенттері үшін екінші аптадан бастап педагогикалық практиканың белсенді кезеңі басталды. Студент-практиканттар мектептің оқу-тәрбие үдерісіне толық қосылды. 31 қаңтар күні «Ozat school» мектебінде Б.Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «6В01302- Бастауыш білім бизнес инновациямен» білім беру бағдарламасының студенттерінің ұйымдастыруымен «Менің атым Қожа» тәрбиелік іс-шарасы өтті (педагог - аға оқытушы Бекбаева Мариям). Оқушыларға ерекше әсер еткен театрландырылған қойылым үшін мектеп әкімшілігі мен ата-аналар студенттерімізге алғыстарын білдірді.
Осы аптада барлық студент-практиканттар әдіскерлердің қатысуымен алғашқы байқау сабақтарын өткізіп, алғашқы практикалық тәжірибелерін жинақтады. Алған білімдерін педагогикалық іс-әрекетке енгізудің белсенді үдерісі басталды.
Педагогикалық іс-тәжірибе бағдарламасының орындалуын, әкімшілік пен мектеп мұғалімдерінің, студенттер мен әдіскерлердің өзара байланыс әрекетін бақылауды кафедрадағы практиканы үйлестірушілер профессор Лариса Лебедева және аға оқытушы Гүлнара Омарова жүзеге асырады.
|