қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.01.2024

Абай университетінде «Белгісіздік жағдайындағы тұлға: өмір бойы дискурс» ғылыми пікірталас өткізілді

 

2024 жылдың 27 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн форматта «Белгісіздік жағдайындағы тұлға: өмір бойы дискурс» тақырыбында ғылыми пікірталас өтті.

 

Ғылыми іс-шара «Bilim zhane Bolashak» халықаралық ғылыми - білім беру жобасы аясында өтті, ұйымдастырушылар - Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасы (Куляш Дуйсенбаева, Жанар Қорғанбаева, Турар Акылбекова, Асем Узакова), Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасы (Сауле Исалиева), Л.Н.Гумилев атындағы психология кафедрасы (Людмила Гитихмаева) және Eurasian Scientific and Methodological Journal "East-West" for master and doctoral students.

 

Ғылыми пікірталасқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (Баку қ., Әзірбайжан), академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда университеті, Баишев университеті, Еуразиялық технологиялық университеті, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары мектептерінің және т.б. өкілдері қатысты.

 

Ғылыми талқылаудың сарапшылары: Калибек Акылбеков - Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары, Роза Акмагамбетова - Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының «Рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану» бөлімінің меңгерушісі, Людмила Гитихмаева - психология магистрі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті психология кафедрасының аға оқытушысы.

 

Бірінші бөлімде спикерлер баяндамалар жасады, содан кейін интерактивті сессияда қатысушылар командарларға бөлініп, қатысушылар кәмелетке толмағандардың қорқыныштары мен проблемалары, еңбекке қабілетті еңбекке халықтың қазіргі заманғы тәуекелдері, күміс жасының шекаралары мен болашағы сияқты мәселелері талқылады. Талқылау нәтижесінде топ мүшелері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдарға ие болды.

 

Ғылыми шара тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылар тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді көтерді. Талқылау нәтижелерін қорытындылай келе, одан әрі зерделеу мен талқылаудың негізгі бағыттары қалыптастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=