Негізгі бет
Жаңалықтар
17.01.2024 Жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық байланыс
2024 жылдың 16 қаңтарында Алматы қаласы Әуезов ауданының №13 мектеп-гимназиясында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының өндірістегі филалы ашылды. Ұйымдастырушылар кафедраның оқу әдістемелік және ғылыми - зерттеу жұмыстары бойынша жауапты тұлғалары: доцент Зульфия Унербаева, аға оқытушы Луиза Нұғыманова. Қатысушылар: институт директоры Күләш Каймулдинова, химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мұқатаева, профессор-оқытушылар құрамы.
Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызды формасы болып табылады. Оқыту үдерісінде білім беретін заманауи құзіретті мамандар дайындау сапасын жетілдіруде білімалушылардың практикалық бағыттылығын арттыру көзделген. ЖОО-мен бірлескен ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу және ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу әдістемелік жұмыстың тиімділік дәрежесін талдауға бағытталған.
Химия кафедрасының профессоры Жеңіс Шоқыбаев, институт директоры Күләш Каймулдинова филиалдың ашылу лентасын қиды. Филиалдың оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен химия кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Жазира Мұқатаева таныстырды.
Мектеп-гимназия оқушыларының ұйымдастыруымен концерт өтті. Өнерлі жас өрендер асқақтата ән айтып, домбырамен күй шертіп, мың бұрала би биледі. Жоғары сынып оқушылары қызықты химиялық эксперименттер көрсетті. Іс-шараның соңында осындай керемет концертті ұйымдастырған оқушыларға кеш қонақтары ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
|