қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.01.2024

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу

 

  alt=  

 

2024 жылдың 8 қаңтарында Абай университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспанмен кездесу өтті. Іс-шараға Абай университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.

 

Кездесу барысында еліміздің сыртқы саясатының басымдылығы мен халықаралық қарым-қатынастарына, көрші мемлекеттермен стратегиялық серіктестік жайының маңыздылығына тоқталған депутат, қорғаныс мәселесі және ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне де қысқаша талдау жасады. «Қазақстан өзінің сыртқы саясатында көпвекторлы қағиданы ұстанып келеді. Ол осы бағытынан таймақ емес. Геосаяси тұрғыдан белгілі бір елдермен анағұрлым тығыз қарам-қатынас орнату қалыпты жағдай. Бұл мемлекеттік мүддемізге сай келеді. Өз тарапымыздан парламентаралық байланыстарды да жан-жақты дамытудамыз. Қазақша айтқанда, «алыстағы ағайыннан, қасыңдағы көрші артық» демекші, көршілермен тату болу мемлекетіміздің стратегиялық мүддесіне толық сай келеді. Қазақ «таспен ұрғанды аспен ұр» деп тегін айтпаған, егер екі жақтан арандату, арам пиғылмен орынсыз пікірлер қылаң берген жағдайда, оған екі тараптың да ресми органдары тиісінше жауап беруде. Сондықтан құдайы көршілерімізбен арамызда ешбір шешілмеген мәселе жоқ деп айтуға болады», - деді Айгүл Сайфоллақызы өз сөзінде.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті