қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Сейсембаева Жанар Айтбергенқызы

Сейсембаева Жанар Айтбергенқызы

 

Қысқаша өмірбаяны

Сейсембаева Жанар Айтбергенқызы 1980 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында  туған. Ұлты-қазақ. 1996 жылы Ш.Уалиханов  атындағы мектепті бітірген.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша оқуға түсті. 2000 жылы университетті бітірді. 2000-2002 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша магистратурада білім алды.

2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кандидаттық диисертациясын қорғап, «Филология ғылымдарының кандидаты» дәрежесін алған.

2020 жылы әдебиеттану мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды.

2015 жылы педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеу жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық иегері.

2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

2019 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны және қажырлы еңбегі үшін «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталған.

2022 жылы Абай университетінің ректоры Д.Биляловтың Алғыс хатымен марапатталған.

2023 жылы Алматы облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

2023 жылы ҚР ҰҚП Атамекеннің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2009 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де ғылыми зерттеу институтының директор орынбасары, 2018 жылы Бас ғалым хатшы қызметтерін атқарған. 2019 жылдан Академик С.Қирабаев атындағы қызық тілі мен әдебиеті  кафедрасында қауымдастырылған оқытушы қызметін атқарады.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры

2000 ж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті магистрі

2002 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Магистр

Қазақ тілі мен әдебиеті

2002 ж.

Филология ғылымдарының кандидаты

Әдебиеттану

2006 ж.

 

 

 

 ҒЫЛЫМИ атағы

Ғылыми атағының атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Қауымдастырылған профессор

 Әдебиеттану

2020 г.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Халық ауыз әдебиеті
Қазіргі қазақ әдебиеті

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1. Теоретические основы формирования интеллектуальной нации в условиях высшей школы //Человек в современном мире: идентичность и межкультурная коммуникация /Материалы международной научной конференции 8 - 19 июля 2019 года. Дюссельдорф, Германия//Международная коллективная монография

2. Literary basis of developing intellectual nation // Монография - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған. № 7 хаттама 28.03.2018.Алматы, 2018

3. Ұлттық тәрбиенің ғылыми негізі //.  Оқу құралы. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған. № 4 хаттама 17.19.2010. Алматы, 2011

4. Условия развития культуры интеллектуальной деятелности будущих педагогов // Ж.Баласағын атындағы Кыргыз Улуттук университетінің Жарчысы. 2012 ж.

250-253 беттер

5. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жобалап оқыту технологиясын қолдану әдістері // Абай атындағы ҚазҰПУ, Хабаршы «Филология сериясы» №4 (66),Алматы, 2018ж.131-135 бб. 

 

 


← Кері оралу