қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.12.2023

Ғылыми-әдістемелік семинар

 

2023 жылдың 8 желтоқсанында Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының кезекті ғылыми әдістемелік семинары өтті. Семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, 1-3 курс докторанттары қатысты. Ғылыми семинарды кафедраның аға оқытушысы Нұржан Чинибаева жүргізді.

 

Ғылыми-әдістемелік семинарда 1-3 курс «8D01510-Химия» және «8D05301-Химия» мамандықтары докторанттарының ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы әр докторанттың ғылыми зерттеу жұмыстарын тыңдап, сұрақтар қойып, жоспарларына сәйкес зерттеу талаптарының орындауларын тексерді. Ғылыми семинар қорытындысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар негізінде докторанттардың есебі қабылданды.

 

  alt=  

 

  alt=