Қоғамдық қызмет Қоғамдық іс - шаралар Студенттердің өзін-өзі басқаруы Студенттердің өзін-өзі басқару жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында қоғамдық - студенттік деканат факультеттің белсенді студенттерінен жасақталған. Студенттік деканат университеттің Жастар ісі комитетімен бірлесе жұмыстар атқарау үстінде. Құрамына факультетіміздің ең белсенді және үздік оқитын студенттері кіреді. ГЭФ деканаты өз кезегінде, студенттік деканат және топ тәлімгерлері кеңесімен қоян-қолтық жұмыс жасауда. Сондай-ақ студенттеріміздің озық өкілдері факультеттің ғылыми кеңестерінің мүшелері болып табылады. Ұжымымыздың қоғамдық өмірінде ГЭФ студент жастары өте белсенділік танытуда. Студенттердің шет тілдерін меңгеріп шетелдерге оқуын жалғастырып қос диплом алуға мүмкіндігі бар. Факультет студенттерінің оқу практикаларын далалық жағдайда, шет елдерге шығып өткізуге де мүмкіндік жасалған. Олар өндірістік практика кезінде туристік фирмаларда, өндірістік орындарында, қорықтарда өз оқуын тәжірибеден өту арқылы жалғастырып шыңдайды. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан, әрі үздік оқитын студенттеріміз Президенттік және Абай, Алтынсарин атындағы стипендиялардың иегері атанады. Өлкетанушылық және экологиялық акцияларға қатысып, жазғы каникул кездерінде "Жасыл ел", құрылыс жасақтары сапында еңбектенуде. Жалпыуниверситеттік "Студент көктемі - 2013" фестиваль жарысында, № 2 жатақхана «Үздік жатақхана» сайысында, «Көңілді тапқырлар клубы» (КВН) командалары арасындағы сайыста, «Қыз сыны» байқауында біздің факультеттің өнерлі жастары аталған әрбір номинациялардағы 1, 2 - дәрежелі дипломдардың иегерлері атанып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен бірге өлкетанушылық және экологиялық акцияларға қатысып, жазғы каникул кездерінде "Жасыл ел", құрылыс жасақтары сапында еңбектенуде. Іс - шаралар күнтізбесі 1. 01.09.2012ж. ҚР Конституциясы күніне арналған дәрістер оқылып, тәрбие жетекшілері тәрбие сағаттар өткізді. 2. 01.09.2012ж. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасын ПОҚ және факультет студенттерімен талқыланды. 3. 01.09.2012ж. «1 қыркүйек - Білім күні» мерекесіне арналған университет және факультет деңгейіндегі іс-шараларға белсенділікпен қатысып, факультетте кафедра құрамымен факультете тарихымен 1-курс студенттері және ата аналарына арналған таныстыру іс-шаралары өткізілді 4. 13.09.2012ж. 1-курс студенттерімен «Студент құқығы,міндеті,ережелері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізілді. 5. 20.09.-21.09.2012ж. Туристер күні қарсаңында Винакуровтың Лондон олимпиядасындағы жеңісіне арналған «Алматы - Қапшағай -Малайсары - Бақанас - Алматы» маршрутында ВЕЛО шеру өткізілді. 6. 21.09.2012ж. ҚР Тілдер мерекесін арналған апталыққа белсенді қатысты; « Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз » тақырыбында факультет ішілік сайыс өткізілді. 7. 27.09.2012ж.ҚР БҒМ - нің «Ботаника институты және фитоинтродукция» кәсіпорнының «Экологиялық орталық» қоғамдық қорының бірігуімен «Алматы қаласының экологиялық проблемаларын шешуге жастарды тарту» атты семинар- тренингке қатысып, ПОҚ және студенттер сертификат алды. 8. 25.09.2012ж. «Аңызға айналған Қазақстан - Легенда Казахстана» Халықаралық бірлескен жобаға ГЭФ деканы О.Б.Мазбаев және Қазақстан географиясы, экология және ОӘ кафедрасының доценті Қ.Ш.Мұса қатысып, жоба соңында факультет студенттерімен және БАҚ өкілдерімен пресс-конференция өткізілді 9. 27.09.2012ж. ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласындағы «Акмеология негiздерi, жеке және әлеуметтiк табыс» мiндеттi оқу курстарын енгiзудi жолдарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді 10. 30.09.2012ж. Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев студент жастардың бағдарламасына енгізген «Акмеология негiздерi, жеке және әлеуметтiк табыс», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» мiндеттi оқу курстар жастардың экстремистiк дiни секталардың ықпалында кетпеуiне көмек беруіндегі маңыздылығн түсіндіру талқылау мақсатындағы дөңгелек үстел өткізілді 11. 05.10.2011ж. Ұстаздар күніне орай «Ұстаз - ұлағатты есім» атты мерекелік іс шара факультет деңгейінде жоғарғы дәрежеде өткізілді; 12. 31.10.2012ж. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мақаласындағы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» Бүгiнде елiмiзде адамдардың креативтi сапасын, оның ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталған маңызды бастамалар ғалымдар мен педагогтардың жемiстi жұмысының нәтижесi бағытында факультет ұжымы, студенттер және жұмыс берушілермен кездесу өткізілді. 13. 18.10.2011ж. Жатақханада тұратын студенттердің қатысуымен «Студенттік шақтың алтын күзі» мерекесі студенттердің шығармашылығын дамыта отырып, қызықта думанды өтті; 14. 02.11.2012ж. «Роль первого президента в экономическом образования студентов РК.» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді 15. 08.11.2012ж. «Салауатты жастар - Қазақстан болашағы» ұлттық спорт түрлері бойынша туризм мамандығының студенттері арасындағы жарыс туристік-спорттық жарыс өткізілді 16. 09.11.2012ж. «Желтоқсан оқиғасы -тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында дәріс-семинар өткізілді 17. 10.11.2012ж. «ҚР Тұңғыш Президенттің еңбек жолы бүгінгі жастарға үлгі.» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 18. 19.11.2012ж. «Нашақорлық XXI - ғасыр дерті» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 19. 17.11.2012ж. айында «Құрбан айт» мерекесін № 2 жатақханада химия-биология факультетімен бірлесе отырып, оқытушылар және студенттер мешіттен имамдарды шақырып ұлттық телеарнаны шақыра отырып, дастарқан жайып, студенттердің діни сауаттылығын көтеру мақсатында әңгемелесе отырып, үлкен тәрбиелік құндылығы бар іс-шара өткізілді. 20. 20.11.2012ж. «Нашақорлық және онымен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 21. 27.11.2012ж. «Нашақорлық - өте қауіпті дерт» тақырыбында дәріс-семинар өткізілді. 22. 28.11.2012ж. № 2 жатақханада Алматы қаласы наркалогиялық әлеуметтік - түзету орталығының дәрігер - наркологі Г.А.Сарсенова келіп, студенттерге «Нашақорлықпен күрес» тақырыбында баяндама оқып, студенттердің сұрақтарына жауап берді, ГЭФ профессор-оқытушылар құрамы қатысып, ой бөлісті 23. 29.11.2012ж. 1-желтоқсан - Тұңғыш Президент Күнін атап өтуге арналған іс-шаралар циклы бойынша №2 жатақханада «Елбасы және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 24. 01.12.2012ж. 1-желтоқсан - Тұңғыш Президент Күні және Халықаралық СПИД- пен күрес күніне орай №2 жатақханада концерттік-танымдық іс-шара өтті. 25. 11.12.2012ж. «Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздіктің бастауы » тақырыбында 1986 -жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өткізілді, аталған іс-шараға шақырылған желтоқсан көтерілісінің куәгерлерімен, студенттер сұрақ қойып кездесу тәрбиелік мәні жоғары кеш өтті; 26. 24.12.2012ж. «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында іс-шаралар циклы бойынша факультеттің тәрбие жетекшілері және студенттерінің қатысуымен «Елбасы Жолдауы қазақ жастарына жігер береді» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді 27. 29.10.2012ж. «Қазақ табиғат қорғау қоғамы» тұрмыстық қоқыстан Есентай, Кіші Алматы және Басқарасу өзендерінің жағалауын тазалау акциясын 29-қазан күні ұйымдастырды. Аталған іс - шараға Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҚПУ және Абай атындағы ҚазҰПУдың «География-экология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері белсенділікпен қатысып, өзіміз тіршілік ететін қала тағдырына немқұрайлы қарамауға үндеу тастады 28. 28.12.2012ж. Абай атындағы ҚазҰПУ - да Жаңа жыл мерекелік думанды кешке факультет студенттері белсенділікпен ат салысты. 29. 26.01.2013ж. Алматы қалалық халықтық ұлттық спорт ойындарының клубның ұйымдастырумен өтетін «Қыс-2013» фестивальі өтті 30. 21.02.2013ж. «Қазақстан Республикасының экономикалық - әлеуметтік және стратегиялық даму болашағы» тақырыбында университет көлеміндегі дөңгелек үстел өткізілді 31. 05.03.2013ж. «Неке және отбасы» тақырыбында кездесу өткізілді, 8 ПОҚ, 65 студент қатысты. 32. 21.03.2013ж. «Қазақстан Республикасының экономикалық - әлеуметтік және стратегиялық даму болашағы» тақырыбында университет көлеміндегі дөңгелек үстел өткізілді, 10 ПОҚ, 93 студент қатысты. 33. 17.03.2013ж. Белсенді туризмнен демалыс күнгі жорық шараларын өткізу 3 ПОҚ, 50 студент қатысты 34. Сәуір-мамыр «Дипломмен ауылға» жобасын насихаттау жұмыстары бойынша әр кафедрада және факультетте түрлі іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізілді. 35. 06.04.2013ж. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркінің ұйымдастыруымен өткізген табиғат аясындағы сенбілікке ерікті, белсенеді түрде ГЭФтен 10 ПОҚ, 50 студент ат салысты. 36. 14.04.2013ж. Іле-Алатау табиғи паркнде «Ағаш егу» қалалық акциясына ГЭФ - тен 5 ПОҚ, 30 студент ат-салысты 37. 22.04.2013 ж. «Әз Наурыз Абай ауылында» мерекелік думанға 43 ПОҚ және 200 студент ат-салысты 38. 01.05.2013 ж. 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Халықтар достастығы-Мемлекет бірлігінің кепілі» тақырыбында тәрбие сағаттар кешені өткізілді. 39. 30.04.2013ж. . 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Бір шаңырақ астында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, 7 ПОҚ, 40 студент қатысты. 40. 02.05.2013 ж. 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Қазақстан - халықтар достығының мекені» тақырыбында түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, 15 ПОҚ, 65 студент ат-салысты. 41. 06.05.2013ж. 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Алматы қаласының Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен «Мемлекет тыныштығының - Сақшылары» тақырыбында ГЭФ және ХБФ студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізіліп, «Елі үшін құрбан болған - батырлар» деректі фильмі тамашаланды. Іс- шараға 20 ПОҚ және 100 студент ат-салысты. 42. 09.05.2013 ж. 9-мамыр - Жеңіс күніне орай Алматы қаласындағы Ұлы Отан соғысының батырлары Алия мен Мәншүк және Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне тағзым етіліп, факультет оқытушылары және студенттері гүл шоқтары қойып және мерекелік іс-шараларға қатысты. Клубтар және студенттік бірлестіктер ГЭФ студенттеріне, факультетіміздің ғылыми, мәдени және спорттық өмірлерінде белсенділік танытып, өзін-өзі көрсетулеріне жеткілікті жағдай жасалынған. Факультетте ғылыми үйірмелер, туристік - спорттық клуб, көркемөнерпаздық ұжымдар және домбыра оркестрі бар.Студенттердің бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізу барысында факультеттің ұйымдастыруымен әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Факультетте студенттердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында клубтар мен үйірмелер жұмыс жасайды: Қыздарға арналған тәрбиелік - «Қыз қылығы клубы», туризм мамандығының студенттеріне арналған - «Туристік-спорттық үйірме », белсенді студенттерге арналған интеллектуалдық-танымдық, - «Жиһангез» жыл бойы табысты жұмыс атқару үстінде. Студенттер үшін спорт акциялары, көркем- өнерпаздар үйірмесі, КТК, жастар клубтары бар. Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Университтетің спорттық құрама командаларында ойын көрсетеді. Түрлі тегін спорттық үйірмелерге студенттер белсенді қатысады:
• Күрес
Спорттық сайыстарға қатысып, студенттер жеңіс тұғырынан тұрақты көрініп тұрады. Халқаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің бірі 2-курс студенті Қуандықов Нұрбақыт тауға өрмелеу спорт түрінен үш дүркін Азия, он жеті дүркін Қазақстан чепионы аталып, факультеттің атағын асқақтатуда
Студенттік профсоюз Факультетте Университеттік студенттік профсоюзбен бірлесе факультетте әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге түрлі жеңілдіктер қарастырылған. 1. Жатақханаға мұқтаж студенттер толық өтініштері негізінде қамтамасыз етіліді. Білім алу үшін студенттерге барлық жағдай жасалынған. 2. Тұл жетім, мүгедек студенттер жатақханаға тегін орналастырылды 3. Құжаттары негізінде әлеуметтік көмекке мұқтаж 32 студент түрлі пайыздағы жеңілдіктер алды 4. Тұл жетім студенттер тегін тамақтанады 5. Жаңа жыл мерекесіне арналған думанды кеште отбасын құрған балалары бар студенттерге жаңа жылдық силықтар табыс етілді.
|