қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.11.2023

«Психологиялық қолдау» қызметі «Visage» модельдік клуб мүшелеріне тренинг өткізді

 

2023 жылдың 29 қарашасында Абай университетінің психологтары «Visage» модельдік клуб мүшелеріне «Өзін өзі бағалауды арттыруға» арналған психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты - қыздардың өзін өзі бағалауды, өзіне деген сенімділікті арттыру және барлық жағдайда өзін толық қабылдауды қалыптастыру.

 

Тренинг бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Контакт» жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде «Портрет», «Жақсы, жаман» және «Міне, мен осындаймын!» жаттығулары өздерінің кемшіліктерін оң қабылдауға, өздерін кез келген күйде жақсы көріп, бағалауды арттыруға бағытталды. Сахнада және көпшіліктің алдында өзіне деген сенімділікті жоғарылату мақсатында «Мен жарқыраймын!» жаттығуы жүргізілді.

 

Тренинг қатысушылардан кері байланыс алу мақсатында өткізілген «Эмоционалды пейзаж» жаттығуымен аяқталды. Жаттығу барысында қыздар тренингтен алған оң әсерлерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

«Психологиялық қолдау» қызметі