Негізгі бет
Жаңалықтар
23.11.2023 «Спорт - денсаулық кепілі» институтаралық футбол жарасы
2023 жылдың 21 қарашасында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Абай» апталығы аясында «Спорт-денсаулық кепілі»футбол жарысы өтті. Мақсаты - салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, оқушылардың физикалық дайындығын шыңдау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Жарысқа барлығы жеті команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Сорбонна-Қазақстан институты; екінші орынды тарих және құқық Институты; үшінші орынды Өнер, мәдениет және спорт институты иеленді. Жеңімпаздар мен үздік қатысушылар арнайы сыйлықтармен және медальдармен марапатталды. Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз және қатысқандары үшін барлық ойыншыларға алғыс айтамыз!
|