қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.11.2023

ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының өкілдерімен кездесу

 

2023 жылдың 21 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының студенттері үшін, ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының өкілдерімен кездесу өтті. Кеш қонақтары Рахман Кубашев - ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясының жобалау қызметі жөніндегі маманы және Гүлбану Регепова - ЮНЕСКО клубтарымен жұмыс жөніндегі ұлттық үйлестіруші. Кездесуге 100-ге жуық студент қатысты. Кіріспе сөз «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиковке берілді. Іс-шараның өту барысына Тарих және құқық институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратқазин және директордың тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов жетекшілік жасады. Кездесуді «Саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер» кафедрасының оқытушысы Есенғазы Тұралин ұйымдастырды.

 

ЮНЕСКО өкілдерімен кездесу студенттер қауымдастығына оң әсер ететін ерекше маңызды кездесу болды. Іс-шараның мақсаты: студенттерді Жобалық жұмыстармен таныстыру және ұйым өткізетін түрлі волонтерлік бағдарламалар мен тағылымдамалар туралы студенттерге ақпарат тарату.

 

Біріншіден, ЮНЕСКО өкілдерінің кәсібилігі мен ынта-жігерін атап өткен жөн. Қонақтардың ақпараттық және табысты еріктілер бастамалары мен жобалары, шабыттандыратын нақты мысалдарға толы болды. Олар студенттерге әртүрлі жобаларға қатысудың құндылығын тиімді жеткізе білді.

 

ЮНЕСКО-ның қызметіне арналған кездесу студенттердің әлемдік мәселелерге, мәдени әртүрлілікке және білімге деген қызығушылықтарын арттыруға тамаша мүмкіндік болды. Кездесу тартымды болды және әрбір студент өз идеяларын білдіруге және сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

 

ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Федерациясы студенттер үшін жаһандық проблемаларды шешуге белсенді қатысуға және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосуға тамаша мүмкіндік болып табылады. ЮНЕСКО өкілдерімен кездесудің арқасында студенттер еріктіліктің маңыздылығы туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар, жаһандық әл-ауқат ісіне белсенді қатысуға мүмкіндік бар екеніне де көздерін жеткізді.

 

  alt=  

 

  alt=