қазақша · русский · english
 
 
 
 Алиханқызы Гулия
Кафедра меңгерушісі
п.ғ.к., доцент
Жамбыл көшесі, 25
 8-707-877-37-35
guliaalihankyzy@gmail.com

 

Кафедраның жұмысы негізгі нормативтік құжаттарға сәйкес келеді. Филология факультетінің, қытай тілі және қытайтану кафедрасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мемлекеттік лицензиясына сәйкес жоғары білікті мамандар даярлауды жүзеге асырады. 2024-2025 оқу жылында қытай тілі және қытайтану кафедрасының негізгі жұмыс бағыты қытай тілін оқыту саласында жоғары білікті мамандарға арнайы білім беру ғана емес, сонымен қатар гуманитарлық мәдениетті, этикалық және құқықтық нормаларды, өз жұмыстарын ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға қабілетті және ойлау мәдениетіне ие білікті мамандарды дайындау болып табылады.


Бакалавриаттың негізгі міндеттері:
- қытай тілін оқыту әдістері мен технологиялары;
- оқыту шеңберінде білім алушының қытай тіліне деген қызығушылығын дамыту;
- қытай тілінде өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру;
- интернационализмге деген сезімін,қытай мәдениетіне және дәстүріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті дамыту.