қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
08.10.2020

Қазақ тілін коммуникативті бағытта оқыту

 

2020 жылы 9 қазанда сағат 16.00-де  «SANA» зияткерлік орталығының білім беру порталында қазақ тілі және әдебиет мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қазақ тілін қатысымдық (коммуникативтік) бағытта оқыту парадигмасы: мазмұны, құрамы, әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық онлайн семинары өтеді.

 

Семинардың спикері - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қаз ҰПУ жанындағы «Латын ғылыми-практикалық орталығының» директоры, «Қазақ тілі» пәнінен мемлекеттік стандарттар мен типтік бағдарламалардың, көптеген оқулықтар мен авторлық оқу-құралдарының, тілдік коммуникация саласындағы бірқатар ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы-  Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы.

 

Семинарға республикалық, облыстық, қалалық білім басқармаларының мамандары, оқытушылар, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік ғылыми-практикалық орталықтар, Республикалық білім беру ұйымдары  және ЖОО  ұстаздары  қатысады.

 

Семинарға қатысып,  пікір алысқандарға сертификат беріледі.

 

Семинарға қатысу үшін TeimViewer бағдарламасы  бойынша www.sana-iq.kz сайтына тіркеліп, ұйымдастырушымен алдынала хабарласу қажет.

 

Байланыс тел: +7 7084251806, +77053403254, +77084251805.