қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Арнайы педагогика кафедрасы аясында құрылған «Жас ғалымдар» клубы 01.09.2022 ж. бастап бүгінгі күнге дейін жұмысын жалғастыруда.


Қатысушылар: «6В01901-Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының студенттері, магистранттары, докторанттары. Кездесулер ONLINE/OFLINE форматында ZOOM платформасында жүргізіледі.


Зерттеу тақырыбы: Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.


Мақсаты: Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың арнайы білім беру саласы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру, зерттеу жұмыстарын жүйелі орындауға деген қызығушылықтарын ояту.


Міндеттері:
- білім алушылар арасында ғылыми білімді насихаттау және олардың ғылыми дайындық деңгейін арттыруға көмектесу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар жүйесін түсіну бойынша бағыт-бағдар беру;
- алынған ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзектілігін анықтауға және оны өз тәжірибелерінде қолдануға бағыттау;
- ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша материалды талдауға, жүйелеуге үйрету;
- зерттеу бойынша аналитикалық жұмыстарды жүргізу, талаптарға сәйкес жүйелеу және рәсімдеуге үйрету;
- білім алушыларды ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуға бағыттау;
- жас ғалымдар арасында жобаларға қатысуға бағдарлау.

 

«Жас ғалымдар» клубының жетекшісі 3 курс докторанты Г.Ж.Ержанова.

 

  alt=  

 

  alt=