Негізгі бет
Жаңалықтар
25.10.2023
Құрметті әріптестер және білім алушылар!
Сіздерді еліміз үшін ерекше және маңызды мереке 25 қазан - Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн кешегі тарихымыз бен бүгінгі жетістікке қарай ұмтылған қадамымыздың айғағы. Өйткені осыдан 33 жыл бұрын дәл осы күні Жоғары кеңесте декларация қабылданып, еліміздің егемендігін және оның территориясы мен дербестігін мәлім ететін мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Міне, осы тарихи сәт біздің аспанымызда көк байрағымыздың желбіреуіне мүмкіндік берді. Біз туған жеріміздің жетістіктеріне, оның дамуға, бейбітшілік пен өркендеуге деген ұмтылысына мақтанышпен қараймыз. Еліміз барлық салада, соның ішінде білім саласында да қарқынды дамуын жалғастыруда.
Қазақ білімінің қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті еліміздің болашағын айқындайтын, уақыттың кез келген сын-қатерлерін еңсере алатын болашақ көшбасшылар мен педагог кадрларын даярлауды аса үлкен жауапкершілікпен сезінеді. Сондай-ақ еліміз үшін аса қажет педагог кадрларын даярлау жолында аянбай қызмет етеді.
Қымбатты әріптестер!
Абай университеті сүйікті Отанымыз - Қазақстанның гүлденіп, өркендеуіне өз үлесін қосып, еліміздің білім мен ғылым саласында жоғары көрсеткішке қол жеткізе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, зор жетістіктер тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Ізгі тілекпен, Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп
|