Әлеуметтік -тәрбие қызметі
Педагогика- психология институтының тәрбие жұмысы мен жастар саясаты жөніндегі іс-шаралар жоспарын Республикалық "Білім туралы" заңы (05.11.2007), ҚР жастар саясатының мемлекеттік тұжырымдамасы (28.08.1999ж №73), Қазақстан жастар бағдарламасы (17.02.2001ж №249), 2006-2013 жылдарға арналған еліміздің білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған, Мемлекеттік бағдарламасы нормативтік құжаттарына және жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арналған Жолдауларына және университеттің Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 17 бағыттан тұратын мазмұнда жасалған. Институттағы тәрбие жұмысы бойынша жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - студент жастардың болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуына қажетті адамгершілік - рухани құндылық сапалары мен қасиеттерін дамыту, олардың адамгершілік, ақыл-ой интелектуалды даму деңгейлерін арттыру, жан-жақты дамыған студенттің жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Әр кафедрадағы тәрбие жұмыстарын басқару үдерісі әр топтың тәрбие жетекшілеріне жүктелген. Студенттер мен тәрбие жетекшілері қаланың, университет пен институттың қоғамдық өміріне белсене араласады. Студенттермен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстар топ жиналысында бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Институтта оқу үдерісімен қатар тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Сонымен бірге институтта Тәрбие жетекшілері Кеңесі жұмыс атқарады. Кеңеске институт директоры, профессор С.М.Кеңесбаев басшылық жасап, әрбір кафедрадан тәрбие жұмысына жауапты тұлғалар, сонымен бірге әдіскер ұстаздар Кеңес мүшелігіне тартылған. Оқу жылының басында Тәрбие жетекшілері Кеңесінің жұмыс жоспары институттың Ғылыми Кеңесінде қаралып, бекітіледі. Кеңес мүшелері 2 айда бір рет бас қосып, жоспар бойынша және әртүрлі мәселелер бойынша алқалық жиындарын өткізіп отырады.
Институтта дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша «Денсаулық - зор байлық», «Табиғатты аялайық!» деген тақырыптарда студенттермен саяхат ұйымдастырылумен қатар, Университет профессор-оқытушылары және қызметкерлері арасында өтетін дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасына факультет профессор-оқытушылары белсенді қатысады. |