қазақша · русский · english
 
 
 

Аккредиттеу туралы ақпарат

 

Аккредитация - бұл ЖОО қызметінің сапасын тұтастай немесе ЖОО-ның жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеу органы белгілі бір стандарттар мен өлшемдерге сәйкестігін бағалайтын процесс («Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж. № 319-III Заңы).

Стандарттар мен өлшемдерді әрбір аккредиттеу органы өз бетінше анықтайды.

Аккредиттеудің түрлері:

-         институционалдық

-         бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеу.

 

Институционалдық аккредиттеуден өту университетке бірнеше мүмкіндіктер береді:

 

-         Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.

-         Университеттің білім беру қызметінің экспортқа бағдарлануын кеңейту.

-         Өзінің мәртебесін және берілген білімнің еуропалық стандарттарға сәйкестігін растау.

-         Ұлттық білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

-         Білім беру гранты негізінде мемлекеттің қаржыландыруын алу.

-         Университет туралы ұстанымын, имиджін және қоғамдық пікірін арттыру.

-         Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру және сапа мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету.

-         Білім беру бағдарламаларын басқару арқылы білім беру процесін басқару.

 

Бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеуден өту университетке келесідей мүмкіндіктер береді:

 

-         Университет дипломдарын тану және түлектерді шетелде жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту.

-         Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.

-         Білім беру қызметінің экспортқа бағдарлануын кеңейту.

-         Халықаралық білім беру нарығында бәсекеге түсу, жоғары білім берудің әртүрлі жүйелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру.

-         Өзінің мәртебесін және берілген білімнің еуропалық стандарттарға сәйкестігін растау.

-         Білім беру қызметтерінің ұлттық нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

-         Мемлекеттік білім беру гранты негізінде қаржыландыру алу.

-         Білім беру бағдарламалары туралы позицияны, имидд бен қоғамдық пікірді арттыру.

-     Білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру және сапа мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету.

-         Білім беру бағдарламасын басқару арқылы білім беру процесін басқару.