Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
20.02.2025
Инновация, тәжірибе, даму: педагогикалық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі 2025 жылдың 15-ақпанында қазақ тілі теориясы және оқыту әдістімесі кафедрасы мен академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы мектеппен байланыс жұмыстарын ғылыми-практикалық бағытта жалғастырды. «ИННОВАЦИЯ, ТӘЖІРИБЕ, ДАМУ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ» тақырыбында филология ғылымдарының докторы, академик Сыздық Рәбиға Сәтіғалиқызының туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция Наурызбай ауданы Білім бөлімі мен №176 мектеп-гимназия, №141 жббм, №169 мектеп-лицеймен бірлескен жұмыс түрінде ұйымдастырылды. Конференция жұмысына 250-ден астам мектеп мұғалімдері мен кафедра ғалымдары қатысты. Конференцияның ашылу салтанатында Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Нағима Әбзелбекқызы Ильясова мен академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Еділбай Төлеубайұлы Оспанов сөз сөйледі. Пленарлық мәжілісте ф.ғ.д., профессор Қаламқас Сейдуллақызы Қалыбаева мен ф.ғ.к., доцент Айман Жылқыбайқызы Қобланова баяндама жасады. Секциялық мәжілісте ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдері арасында қазақ тілін оқыту, функционалды сауаттылық мәселелеріне байланысты талқылау болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|