қазақша · русский · english
 
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы
 
 
15.02.2024

Ынтымақтастық аясындағы алғашқы дәріс

 

2024 жылдың 13 ақпанда «№122 ЖББМ» мекемесі базасында ашылған Филология институтының академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы алғашқы жұмысын бастады. Кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Оспанов Еділбай № 122 мектеп мұғалімдеріне «Академиялық жазылым» пәнінен дәріс оқып, көкейде жүрген сауалдарына жауап берді. Жалпы, бүгінгі таңда оқушылардың логикалық қабілетін арттыру мен мәтінмен жұмыс жүргізу өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондай-ақ «Академиялық жазылым» пәні мектеп мұғалімдерінің оқушыларға эссе жаздыру, ғылыми жұмыстарға баулуға таптырмас мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар бұл пәнді еркін меңгеру арқылы пән мұғалімдері оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар құрастыруға, ғылыми мақала жазуға да қол жеткізе алады. Сондықтан бұл дәріс алдағы уақытта жекелеген тақырыптар бойынша жалғасын табатын болады.

 

  alt=  




Кері оралу